Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

AQYL TECH / IT AIEL QOSTANAY 2026

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде AQYL TECH / IT AIEL QOSTANAY 2026 воркшопы өтті. Іс-шара цифрлық технологияларға қызығушылық танытқан жастар мен әйелдердің басын қосып, қаржылық сауаттылықты арттыруға, цифрлық дағдыларды дамытуға және киберқауіпсіздік негіздерін түсіндіруге бағытталды.

Воркшопты «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Astana Hub» және біздің университет бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу елімізде жарияланған цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы аясында өтті.

Іс-шараны университет ректоры Арман Исмаилов ашып, бүгінгі таңда технологиялардың қарқынды дамуы әр адамнан үздіксіз білім алып, жаңа дағдыларды меңгеруді талап ететінін атап өтті.

Qostanai Hub директоры Дамир Мнайдаров өңірдегі IT саласының дамуы мен жастарға ұсынылып отырған мүмкіндіктерге тоқталды.

Астанадан келген сарапшылар да тәжірибелерімен бөлісті. Қаржы саласының маманы, TechnoWomen қозғалысының өкілі Ғалия Оразалинова капитал қалыптастырудың тиімді жолдарын түсіндірсе, жасанды интеллект бойынша сарапшы Наталья Абрамова AI құралдарын пайдалану арқылы табыс табу мүмкіндіктерін нақты мысалдармен көрсетті.

Спикерлердің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект тек технология емес, ол - жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құрал. Оны тиімді қолдана білген адам үшін кәсіби өсім мен табыс көздерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік бар.

14 сәуір 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы