Есте қаларлық әсер қалдырдық
Бүгін «Студенттік көктем» жаңа деңгейге шықты: зал лық толы, көңіл күй - керемет, күлкі - толассыз. Нағыз КТК рухындағы кеш! Жуырда ғана құрылған біздің команда бүгін алғаш рет сахнаға шықты. Дебют пе? Иә! Бірақ өздерін көптен бері ойнап жүргендей сенімді көрсетті. Қазылар алқасында көңілді тапқырлар клубының майталмандары болғандықтан, оңай болған жоқ. Соған қарамастан, қатысушылар саспай, өз қарқынын сақтап, ерекше стильде әзілдеп, залды бірден баурап алды. Әзілдер дөп тиіп, көрермендер белсенді қолдау көрсетті. Атмосфера - шынайы, қызу әрі нағыз студенттік рухқа толы болды. Жәнібек Тұрсынтай да ерекше көзге түсіп, «Үздік ер адам рөлі номинациясында қазылар алқасының назарына ілікті. Жалпы, мұндай ойындарда ең бастысы - орын емес, сахна, тәжірибе және есте қаларлық әсер. Ал бізде ол толық болды! Бұл тек бастамасы деп ойлаймыз. Алда жаңа ойындар, жаңа дайындықтар және үлкен жеңістер күтіп тұр.
22 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии