Qostanai Tech: инновациялар мен технологиялар
Бүгін Қостанай қаласында отбасылық ғылыми-инновациялық «Qostanai Tech» фестивалі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 мыңнан астам қатусышы жиналған ауқымды шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Өңірдегі технологиялық дамуды насихаттауға, инновацияға қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шараға М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-эконмикалық университетінің президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов бастаған университет және ҚИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Жастар сарайына кірген бойда қонақтар өздерін болашақ әлеміне енгендей сезінді. Интерьер цифрлық микросхема стилінде безендіріліп, LED-экрандар қабырғалармен қатар еденге де орнатылған. Қонақтар сол экрандардың үстімен жүріп өтіп, технологиямен тікелей байланыс орнатқандай әсер алды.
Әр павильонда жаңа идеялар мен нақты жобалар ұсынылып, инновацияның түрлі бағыттары қамтылды. Арнайы көрмеде біздің университет пен колледж студенттері де шағын сұрыптау станциясын орнатып, сұрыптаудың автоматтандырылған процессімен таныстырды.
Фестивальдің ресми ашылуында Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов сөз сөйлеп, өңірде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде облыс кәсіпорындарында 145 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді, ал өндіріс орындары кезең-кезеңімен автоматтандырылған жүйелерге көшіп жатыр.
- Біздің болашағымыз - тек өндірісте емес, сонымен қатар инновация, білім және цифрлық шешімдерде. Сондықтан жаңа технологияларды енгізу - негізгі басымдықтардың бірі, – деді өңір басшысы.
Бағдарлама аясында TED форматында өткен сессияларда халықаралық және отандық сарапшылар сөз сөйлеп, технология, білім және тұрақты даму тақырыптарын қозғады.
Олардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаты, ғалым және тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы халықаралық сарапшы Рае Квон Чунг, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Асқар Джумадидьдаев, «KIA QAZAQSTAN» бас директоры Ки Де Ким, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфор университетінің түлегі Ғабит Бекахметов, сонымен қатар ҚИнЭУ президентінің арнайы шақыртуымен келген Назарбаев университетінің профессоры, деректер және жасанды интеллект туралы ғылымға арналған онлайн - платформалардың негізін қалаушы, Бристоль университетінің түлегі - Мохамед Ибрахим да бар.
«Qostanai Tech» фестивалі бір жағынан қала тұрғындарына цифрлық әлемнің мүмкіндіктерін жақыннан көруге жол ашса, екінші жағынан мамандар үшін тәжірибе алмасатын маңызды алаңға айналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі - отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен өнеркәсіп кешендерінің дамуынының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру.
29 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии