Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Алғашқы KEnEU CUP. Әлі талайы болады!

Қостанай инженерлік-экономикалық университеті облыс мектептерінің түлектерін тағы да бір алаңға жинады. Quantum компьютерлік клуб базасында Counter-Strike- 2 ойыны бойынша алғашқы KEnEU CUP-2026 кибертурнирі өтті.

Турнирге өңірдің бірнеше білім беру мекемелерінің, атап айтқанда Қостанай қаласындағы №30 және №19, Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектептерінің , Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия- интернатының, №1 мектеп-лицейінің, сондай-ақ Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының және Рудный қаласындағы Міржақып Дулатов атындағы мектебінің оқушылары қатысты.

Турнирді университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов ресми түрде ашып, оқу орнының артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар түлектерді университетке оқуға шақырып, командаларға әділ де тартысты ойын тіледі.

70-тен астам қатысушы, жоғары бәсекелестік және үлкен жауапкершілік. Себебі басты жүлде ретінде білім гранттары тағайындалған. Сондықтан әрбір ойын шешуші мәнге ие болды.

Алғашқы минуттардан-ақ жарыстың тек жеке шеберлікке ғана емес, командалық тактикаға да негізделгені байқалды. Командалар раунд сайын өз стратегияларын өзгертіп, қарсыластың ойын стилін зерттеп, соған сай шешім қабылдап отырды.

10 сағатқа созылған турнир қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:
1 орын – Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы (Қостанай қаласы)
2 орын – Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты (Қостанай қаласы)
3 орын - №1 мектеп-лицейі (Қостанай қаласы)

Жеңімпаздарға біздің оқу ордамызда оқудың алғашқы жылына 100%, 75% және 50% жеңілдіктер беретін сертификаттар табысталды.

Турнир ұйымдастырушысы – ҚИнЭУ маркетинг және коммуникациялар бөлімінің айтуынша, мұндай шаралар киберспортқа қызығушылықты арттырып қана қоймай, талапкерлерге университет мүмкіндіктерін танытудың тиімді жолы болып табылады.

@quantum_game_club компьютерлік клубына қолдау көрсеткені және заманауи алаң ұсынғаны үшін, сондай-ақ @grandluxe.kz тіл орталығына алғыс білдіреміз

KEnEU CUP-2026 кибертурнирі университеттің жастарға бағытталған бастамаларының маңызды бір бөлігіне айналатынына сенімдіміз.

4 мамыр 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы