Студенттік көктем - жарқын естелік
Студенттік көктем – 2026 өз мәресіне жетті. Бұл - толқуға, уайым мен қуанышқа, сансыз дайындықтарға толы ай болды. Біздің белсенді студеттеріміз бен спортшыларымыз университет намысын қорғап, спорттық, шығармашылық және зияткерлік алаңдарда өнер көрсеткен сәтте, біз оларға жанкүйер болып, қолдау білдірдік.
Бүгін Жастар сарайында фестиваль-байқаудың гала-концерті өтті. Биылғы тақырып - «Қостанай облысы - мүмкіндіктер мекені». Біз өзімізді лайықты деңгейде көрсете алдық.
- Бүгін біз Қостанай облысындағы жеті жоғары оқу орындарының ең үздік, ең мықты деген студенттердің өнерін тамашаладық. Сахнада тұрған жастар – барлығы жеңімпаз, - деп атап өтті Қостанай облысының әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов.
Иә, бұл жолы жүлделі орынға ие бола алмадық. Бірақ студенттердің еңбегі мен сахнаға деген шынайы махаббатын жоққа шығармаймыз. КИнЭУ студенттерінің командасы одан әрі шыңдалып, бірлігі нығайып, баға жетпес тәжірибе жинақтай алды.
Студенттік көктем – 2026 біз үшін жай ғана байқау емес, нағыз командалық тарихқа айналып, ерекше естелік болып қалады.
Осы оқиғаның бір бөлігі болған әрбір жанмен мақтанамыз!
13 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии