Жобаларын сәтті қорғады
Жобалық оқыту аясындағы студенттік жобаларды бағалау бүгін әлеуметтік-экономикалық пәндер, сонымен қатар стандарттау және тағам технологиялары кафедрасында жалғасты.
«Жобалық менеджмент» пәні бойынша «Менеджмент» білім беру бағадарламасының студенттері кофехана жобасын ұсынып, оның бизнес-жоспарын, қаржылық және ұйымдастырушылық жоспарын таныстырды. Комиссия мүшелері бұл жұмыстың тәжірибелік маңыздылығын және студенттердің теориялық білімдерін тиімді қолдана алғанын атап өтті.
Осы уақытқа дейін студенттер комиссия назарына негізінен білім беру немесе бизнес-жобаларды ұсынған болса, бүгін «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері «Аккредиттелген сынақ зертханасының сапа менеджменті жүйесінің МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 халықаралық стандартына сәйкестігін талдау» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын қорғады.
Жоба жетекшісі - стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тарбие Кабатаевна мукашева айтуынша, жоба тақырыбы «Менеджмент жүйесі» пәнімен тікелей байланысты.
- Біз бұл сынақ зертханасымен бұрыннан тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Оның меңгерушісі – біздің университеттің түлегі. Студенттер зертхана құжаттарымен жан-жақты танысып, жұмыс процессін бақылауға мүмкіндік алды. Бұл жоба барысында олар мол тәжірибе жинақтады деп ойлаймын, - деп атап өтті жоба жетекші.
Қорытындылай келгенде, студенттер жоғары дайындық деңгейін ғана емес, нақты өндірістік және ғылыми-зерттеу міндеттерімен жұмыс істей алу қабілеттерін де көрсетті. Бұл жобалық оқытудың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
14 мамыр 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии