«Esirtkisiz Bolashaq» форумы: жаңа меморандум
Бүгін Қостанайда «Esirtkisiz Bolashaq» форумы өтті. Іс-шара «Есірткісіз Қазақстан» жобасы аясында Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Форум жұмысына М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті де қатысты. Іс-шара барысында біздің университет пен «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры (Esbol Qory) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар өңір тұрғындары арасында есірткі заттарының таралу қаупін азайтуға бағытталған ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға келісті. Сонымен қатар, азаматтық, қоғамдық және IT жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, оның ішінде қор ұсынатын бағдарламалық шешімдерді профилактикалық жұмыстарға енгізу көзделді. Меморандум аясында бірлескен іс-шаралар, кездесулер мен кеңестер ұйымдастыру жоспарланған.
13 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии