Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Кәсіби мансаптың бастау алаңы

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өңірдегі ең ауқымды мансаптық іс-шаралардың бірі - Жұмыс беруші күні өтті. Іс-шараны Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы мен университет бірлесіп ұйымдастырды. Оған 14 колледжден 400-ден астам студент, сондай-ақ 40-тан астам жетекші жұмыс беруші қатысты. Бұл қатарда аграрлық кәсіпорындар, машина жасау зауыттары, банктер, білім беру орталықтары мен мемлекеттік мекемелер бар. Жұмыс берушілер үшін бүгінгі іс-шара – жас, білікті мамандарды табу мүмкіндігі болса, студенттер үшін – жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, мамандарға қойылатын талаптарымен танысу, сонымен қатар нақты ұсыныстар мен кеңестер алу мүмкіндігі. Университет холлында оқу ордамыздың серіктестері – жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілер көрме-жәрмеңкеде өздерінің өнімдері мен бұйымдарын ұсынды. Әр кафедра білім беру бағдарламаларымен таныстырып, қабылдау комиссиясы, халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығы және жастар саясаты департаменті интерактивтер мен ойын-байқаулар өткізді. Қостанай колледжінің студенті Рузана Фазылжанова іс-шараға тыңғылықты дайындалып келген. Ол өз түйіндемесінде кәсіби қабілеттерін нақты көрсеткен. Бүгінде болашақ аудармашы өзіне лайық жұмыс орнын табуға үміттенуде. Жұмыс іздеуші студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырған алаң – облысымыздың ірі индустриалды жобасы - «KIA Qazaqstan» ЖШС. Компания өкілдері өндірістегі сұранысқа ие мамандықтар, жұмыс жағдайлары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

- Қазір өндірісімізге слесарьлар, дәнекерлеушілер қажет, сондай-ақ инженерлік мамандық иелері де сұраныста, - деді KIA Qazaqstan персоналды іріктеу жөніндегі аға маманы. Оның айтуынша, ҚИнЭУ студенттері өндірісте өздерін жақсы қырынан танытқан. «ДЕП» компаниясы мұндай ауқымды іс-шараға алғаш рет қатысып отыр. Компанияның кадр іріктеу маманы Екатерина Эндерстің айтуынша, кәсіпорын түлектерге бос жұмыс орындарын ұсынса, студенттерге өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін береді.
Бүгінгі іс-шара студенттердің еңбек нарығы талаптарын терең түсінуіне ықпал етіп, университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды тетігіне айналды. Осындай бастамалар арқылы Қостанай облысының кадрлық әлеуеті артып, ел экономикасының дамуына үлес қосады.

15 мамыр 2026 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы