Бизнес пен білім= тұрақты кадрлық резерв
ҚИнЭУ-де Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, онда кадр даярлау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және бизнес пен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Отырыс барысында өткен жылы университет базасында құрылған «ҚИнЭУ-Атамекен» әлеуметтік хабы мен экологиялық орталықтың жұмыс нәтижелері таныстырылды. Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаева атқарылған жұмыстардың қорытындылары, қол жеткізілген жетістіктер, сондай-ақ жобаларды одан әрі дамыту жоспарлары мен перспективалары туралы баяндады. - Әлеуметтік кәсіпкерлік хабы мен экологиялық алаңның жұмысы студенттер мен оқытушылардың кәсіби және әлеуметтік бейімделуіне қажетті дағдыларды дамытуға, сондай-ақ жоғары экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Ай-Гүл Сералиқызы. - Бұл тек бастамасы ғана, алдағы уақытта жобаларды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Кездесуге қатысушылар кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. «Нұрбанк» АҚ Қостанай филиалы директорының орынбасары Жазира Шәмілқызы Қайыпбаева банк саласында маман тапшылығы әлі де сақталып отырғанын жеткізді. - Қызметкерлер тәжірибе жинақтап, басқа компанияларға ауысып жатады. Сондықтан, өкінішке қарай, жаңа кадрлық резервті үнемі даярлауға тура келеді, - деді ол. «Жас Қанат» ЖШС өкілі де, әсіресе ауылдық жерлерде техникалық мамандардың тапшылығы байқалатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа жоба үшін кәсіпорынға слесарь мамандары қажет. ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов университеттің бүгінде тәжірибеге бағытталған оқытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Жұмыс берушілерге білім беру үдерісіне белсенді қатысу, дәрістер өткізу, тәжірибелерімен бөлісу және еңбек нарығына қажетті құзыреттер бойынша нақты сұраныс қалыптастыру ұсынылды. Кездесу соңында қатысушылар бизнес пен білім беру саласының жүйелі өзара іс-қимылы ғана тұрақты кадрлық резерв қалыптастырып, өңірді білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.
15 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии