Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Студенттік стартаптар

Бүгін жобалық оқыту аясында «Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар» пәні бойынша стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы мен ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының студенттері өз жобаларын қорғады.

Жұмыстар әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Кенжебекқызы Острянинаның жетекшілігімен орындалды.

Ірі жобалардың бірі - қазақстандық KDA кроссоверін жасау идеясы. Оны «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенті Дмитрий Кохановский ұсынды. Жоба екі жыл бойы әзірленген. Өткен жылы Қазақстанда автокомпоненттерді жергілікті өндіру мүмкіндіктері талданса, биыл қаржылық модельмен толықтырылып, толық іске асыруға дайын деңгейге жеткізілді.

«Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенті Даниель Мулюков ECO BONUS экологиялық жобасын таныстырды. Жоба пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған және пайдаланушыларға бонус беру жүйесін қарастырады. Бұл бастама тұрғындар, бизнес және қала үшін тиімді әрі ыңғайлы пластик қабылдау жүйесін құруды көздейді. Татьяна Кенжебекқызы авторға Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, гранттық бағдарламаларға қатысуды ұсынды.

Сонымен қатар музыкалық жаңа буын студиясы, кафе-кондитерлік және ұн тарту цехы жобалары ұсынылды. Музыкалық студия жобасын Владислав Андрейкин, кафе-кондитерлік жобасын Марина Петько, ал ұн тарту цехының бірлескен жобасын Илья Пономаренко мен Алена Попова таныстырды. Соңғы жоба нарықтағы сапалы ұн тапшылығы мәселесін шешуге және сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Ұсынылған стартаптар болашақта студенттердің дипломдық жұмыстарына толық негіз бола алады.

20 мамыр 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы