Достық спартакиадасы
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде түрлі этнос өкілдері тоғысып, спорттық додада бақ сынасты. Бүгін мұнда Қостанай облысы этномәдени бірлестіктері арасындағы спартакиада бастау алды. Спорт алаңында корей жастар қозғалысы, әзербайжан қауымдастығының «Бирлик» командасы, «Ассамблея жастары» құрамасы, өзбек этномәдени орталығының «Ёшлар» командасы, башқұрт этномәдени бірлестігінің «Азатлык» командасы және «Асаба» қоғамдық бірлестігінің командасы бас қосты. Спартакиаданың ашылу салтанатында ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Бүгінгі жарыстар волейбол және шағын футбол бойынша өтті. Алаңдағы тартыс пен командалардың жігері жанкүйерлердің ерекше қолдауымен ұласты. Спартакиада ертең де жалғасады. Қатысушылар финалдық ойындарда, сондай-ақ дартс және арқан тартудан өзара мықтыны анықтайды.
20 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии