Жаңа кәсіптер атласы - болашақ мамандарды даярлау құралы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Жаңа кәсіптер атласы негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау және жаңарту» тақырыбында ашық әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты -жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының заманауи талаптарына, Ұлттық біліктілік жүйесіне, салалық үрдістер мен кадрлық әлеуетті дамытудың өңірлік басымдықтарына сәйкес жетілдіру болды.
Семинар жұмысына Еңбек ресурстарын дамыту орталығы салалық біліктілік жүйесін үйлестіру департаментінің сарапшылары, Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы өкілдері, сондай-ақ ASIIN халықаралық агенттігінің өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ректоры Арман Исмаилов, қазіргі таңда технологиялардың қарқынды дамуы мен еңбек нарығындағы өзгерістер жағдайында тек үрдістерге ілесіп қана қоймай, болашақ қажеттіліктерді алдын ала болжаудың маңыздылығын атап өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Қарлыға Исмурзина халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары туралы айтып, өңірдегі сұранысқа ие бос жұмыс орындары жөнінде ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта өндіріс, медицина, білім беру және басқа да салаларда мамандарға сұраныс жоғары.
Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы Марина Скиба жаңа кәсіптер атласын әзірлеудің болашаққа дайындалудағы маңызын ерекше атап өтті.
- Бүгінде біз бұрынғыдан да жылдам өзгеруіміз қажет. Білім беру бағдарламасы статикалық өнім емес, басқарылатын жобаға айналуы тиіс. Микробіліктіліктер, модульдер және тұрақты жаңарту білім беру жүйесінің икемді болуына әрі уақыт талабына сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, - деді сарапшы.
Сондай-ақ ол жаңа кәсіптер атластары алдағы 3–4 жылдағы еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік беретінін, ал жұмыс берушілермен тығыз байланыс сапалы әрі сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.
- Жастар Қостанайда қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын, өз мансабын қалай қалыптастырып, туған өлкесінде жетекші салаларды қалай дамыта алатынын түсінуі маңызды. Бұл - жобаның басты миссиясы, - деп атап өтті Қазақстандағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атластарын қалыптастыру және енгізу бойынша негізгі сараптамалық-әдіснамалық алаңдардың бірі болып саналатын «Мамандығым - болашағым» жобасының жетекшісі Олжас Сакенов.
Семинар барысында қатысушылар еңбек трансформациясы мен болашақ мамандықтарының өзекті үрдістерін талқылап, білім беру бағдарламаларын жобалау мен жаңартудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ жаңа кәсіптер атластары мен өңірлік кадр қажеттілігі карталарының нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу мәселелерін қарастырды.
Іс-шараның практикалық бөлімі жаңа кәсіптер атласы негізінде жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, олардың мақсаттарын айқындау және оқу нәтижелерін қалыптастыру бойынша топтық жұмыстарды қамтыды. Қатысушылар тәжірибеге бағытталған сессияға қатысып, өз топтарының жұмыс нәтижелерін таныстырды.
22 мамыр 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии