Жастармен «Bir Tolqүnda»
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған «Bir Tolqinda» диалог алаңы өтті. Бұл іс-шара жүздеген жастардың басын біріктірді. Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляева, «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Сергеевич Данилов, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Кәкімжанұлы Досмухамедов қатысты. Университет басшылығы құрметті қонақтарды қарсы алып, оқу орнының инфрақұрылымымен таныстырды, заманауи зертханаларды көрсетті және университеттің алдағы даму жоспарларымен бөлісті. ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов қонақтарға студенттер мен оқытушылар арнайы станоктарда модельдеп, жасап шығарған сағаттарды сыйға тартты. Бұл сыйлық - университеттік өнім. Одан кейін белсенді жастар жиналған алаңда ашық диалог құрып, студенттердің қоғамдағы рөлі, кәсіби даму жолы және жастардың саясаттағы белсенділігі мәселелері талқыланды. «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Сергеевич Данилов жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды.
- Партия үшін жастардың саясатқа жақын болуы, елде болып жатқан үдерістерді түсініп, өз идеяларын жүзеге асыру маңызды. «Bir Tolqynda» жобасының негізгі мақсаты да - осы, - деді ол. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляева цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жаңа жобалар туралы айтып берді. Ол IT- саласының дамуы, жаңа мүмкіндіктер мен технологиялардың жастар өміріндегі рөлі туралы әңгіме өрбітті. Қостанай Hub директоры Дамир Дулатович Мнайдаров өңірдегі инновациялық жобалар мен хабтың даму бағыттары туралы баяндады. Қатысушылар спикерлерге сауалдарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.
25 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии