Әлемдік деңгейдегі IT-додада
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті жасанды интеллект саласындағы ірі халықаралық IT-жарыстардың бірі - «HackAlem AI» хакатонына қатысты.
Университетіміздің студенттері Ксения Сидоренко мен Бекзодбек Бахтияров осы ауқымды IT-додаға қосылып, өздерінің AI-шешімдерін әзірлеуге, жаңа идеялармен алмасуға және жасанды интеллекттің заманауи технологияларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
OpenAI компаниясымен серіктестікте өткен хакатонның негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қоғам үшін өзекті мәселелердің шешімін ұсынатын инновациялық жобалар әзірлеу. Байқау барысында мемлекеттік қызмет, қаржы, білім беру және басқа да маңызды салаларды қамтитын бағыттар бойынша жобалар әзірленді.
Хакатонның басты ерекшелігі – оның ауқымы. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны бойынша (2415!) әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
24.09.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей