Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Жүрекке жаққан шырақ

Гүлдер, жылы лебіздер, қошемет. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде бар ғұмырын білім саласына арнаған жандар бүгін ерекше құрметке  бөленді.

Мерекелік шара айтулы екі мереке – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні мен Ұстаздар күніне арналды.

Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы  басшының орынбасары Қайрат Талғатұлы Қазез университет ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, КИнЭУ-дің аграрлы-индустриалды өңіріміздің кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Мерекелік шара барысында еңбегі еленген бірқатар ұстаздарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.  Ғылыми жетістіктері мен мінсіз еңбегі үшін облыс әкімінің құрмет грамоталарымен әлеуметтік-экомоникалық пәндер кафедрасының аға оқытуышысы, PhD доктор Гүлмира Бутановна Сарсембаева,  энергетика және машина жасау кафедрасының меңгерушісі Олег Александрович Ростиславов және аға оқытушысы  Ольга Викторовна Войцеховская.

Университет президенті Рихсибай Абдурахманович Мамедов ұстаздар қауымын мерейі  асқақ мерекемен құттықтап,ақжарма тілегін білдірді.
-  Білім мен тәрбие жолындағы адал еңбектеріңіз, жастарға деген жанашырлықтарыңыз және ортақ ісімізге қосып жүрген үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз. Университетіміздің жеткен әрбір жетістігі  артында – ұстаздардың еңбегі тұр, - деп атап өтті университет президенті.

Ұстаздық жолдағы адал еңбегі, ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін қалалық мәслихаттың құрмет грамоталарымен  оқу ордамыздың аға оқытушылары Эльмира Қарымжановна Аскарова, Алена Сергеевна Горбенко, Максим Викторович Чурсинов, Валентина Александровна Лобазова, Нурлан Уалиханович Бижанов, университет президенті мадақтамаларымен аға оқытушылар – Рахима Фазыловна Абенова, Болат Ерғали  Болатұлы, Марина Федоровна Игнатенко, сеньор-лектор Жандарбек Минбаевич Жсупбеков, стандарттау және тамақ технологиялары кафедрасының меңгерушісі Жадыра Жагипаровна Назарова, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы Татьяна Кенжебековна Острянина, ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы Динара Туленгалиевна Алдашева марапатталды.

Мерекелік кештің сәнін университетіміздің өнерлі студенттері келтірді. Ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын ән мен күй, би мен шығармашылық өнер арқылы жеткізген студенттердің концерттік бағдарламасы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелеріңізбен, қымбатты ұстаздар!

2 қазан 2026 жыл 
 

 

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы