Түркияға бағыт: туризм, менеджмент, өндіріс
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов жұмыс сапармен Түркияға барып, халықаралық байланыстарды нығайту және білім беру саласындағы жаңа серіктестік бағыттарды дамыту мақсатында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
🇰🇿🇹🇷Сапар барысында ҚИнЭУ ректоры Анталья Белек (Antalya Belek Üniversitesi) университетіне барып, оқу орнының басшылығымен, қамқоршылық кеңесінің төрағаларымен және халықаралық байланыстар офисінің мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланып, бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім аясында бірлескен жұмыстарды бірнеше маңызды бағыт бойынша дамыту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, туризм және менеджмент білім беру бағдарламалары, сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары бағыттарында тәжірибе алмасу, академиялық байланыстарды нығайту және жаңа білім беру мүмкіндіктерін қалыптастыру көзделуде.
Бұл серіктестік КИнЭУ-дің халықаралық байланыстарын кеңейтіп, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей