Жаңа буын кәсіпкерлерін қалыптастырудамыз
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ҚИнЭУ Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырған «Идеядан бизнеске дейін» атты шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабақтың спикері - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы, тәжірибелі кәсіпкер Александр Анатольевич Соболев.
Александр Анатольевич студенттерге өзінің кәсіпкерлік жолы, бизнесті бастау кезіндегі алғашқы қадамдары, кездескен қиындықтары және бизнес-идеяларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы әңгімеледі.
Өз тәжірибесімен бөлісе отырып, спикер кез келген идеяның табысты бизнеске айналуы мүмкін екенін көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкерлік бастамашылдықты ғана емес, сауатты жоспарлауды, үнемі үйренуді және қиындықтарды еңсере білуді талап ететінін атап өтті.
Шеберлік сабақ барысында студенттер бизнес-жоспар құрудың негізгі қағидаларымен танысты. Олар мақсатты аудиторияны анықтау, құндылық ұсынысын қалыптастыру, маркетингтік стратегия әзірлеу, жобаның күшті және әлсіз жақтарын талдау, сондай-ақ өндірістік жоспар құру жолдарын үйренді.
Александр Анатольевич Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен ҚИнЭУ бірлесіп жүзеге асырып жатқан бұл білім беру курсы студенттер үшін маңызы зор екенін жеткізді. Жоба болашақ кәсіпкерлерге тәжірибелі мамандардан практикалық білім алуға және өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жол ашады.
Айта кетейік, биыл сәуір айында курстың алғашқы легі оқуды аяқтаған болатын. Ендегі кезек тағы бір топ студенттерге келіп жетті. Төрт аптаға созылған сабақ барысында қатысушылар бизнес-жоспар құруды, жобаның қаржылық моделін әзірлеуді, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеруді, сондай-ақ өз бизнес-идеяларын таныстырып, қорғауды үйренеді.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей