Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Тюмень мен Қостанайдың академиялық байланысы

Бүгін ҚИнЭУ-де Тюмень индустриалдық университетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасынының профессоры, философия ғылымдарының докторы Татьяна Владимировна Дягилеваның онлайн-дәрісі өтті. Ол «Өнер - мәдениетті қалыптастыру құралы» атты авторлық дәрістер циклын таныстырды.

Кездесуді әлеуметтану ғылымдар докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар мен технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ламара Ленгизовна Мехришвили ашып, екі университет арасындағы әріптестіктің жылдан-жылға нығайып, мазмұны жағынан да кеңейіп келе жатқанын айтты.

- Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға қуаныштымыз. Бірлескен кездесулер мен дәрістер көбейіп, білім мен тәжірибе алмасуға, ғылыми мектептер арасындағы байланысты дамытуға мүмкіндік артып келеді. Қазіргі таңда ҚИнЭУ-мен ынтымақтастық туралы келісім жобасы университет басшылығының қарауында. Біз үшін ең маңыздысы - құжат емес, қалыптасқан жақсы қарым-қатынас. Дегенмен, келісімге қол қою осы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, алдағы уақытта жүзбе-жүз кездесулер өткізуге мүмкіндік береді, - деді Ламара Ленгизовна.

Дәріс барысында өнер мен философияның байланысы, өнердің қоғам мен мәдениеттегі орны, музыкалық мәдениеттің ерекшеліктері талқыланды. Татьяна Дягилева өнерді ғылым, миф және дін секілді адамзаттың дүниетанымын қалыптастыратын құбылыстармен салыстыра отырып, олардың арасындағы ерекшеліктерге тоқталды.

Бүгін қашықтыққа қарамастан, Тюмень мен Қостанай ортақ академиялық кеңістікте тоғысты.

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы