Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Жолдау – өркендеудің кешенді бағдарламасы

ҚИнЭУ студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Фарида Женисхановна Ардабаева Президент Жолдауының негізгі бағыттарына жалпы шолу жасап, оның терең тарихи мәні мен маңыздылығына тоқталды.

- Күшті мемлекет– тек қуатты экономика ғана емес. Ол, ең алдымен, заң үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару және ұлттық мүдделерді қорғау. Біздің келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз - оларға қаржылық қор мен білімді ғана емес, сапалы тұрғыдан жаңарған елді мұра етіп қалдыру, - деп атап өтті Фарида Женисханқызы.

Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі кеңінен қарастырылды. Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу және қалалардың дамуына серпін беру міндеттері талқыланды.

- Мысал ретінде Қостанайды алып қарасақ, соңғы жылдары қаламыздың барлық бағытта кеңейіп, қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе құрылыс саласындағы өзгерістер айқын байқалады. Бұл – инфрақұрылымдық даму міндеттерінің өңірлерде жүзеге асырылып жатқанының нақты көрінісі, – деді оқытушы.

Фарида Женисханқызы жоғары білім беру жүйесін дамыту және білікті мамандар даярлау мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру ең алдымен адами капиталға байланысты. Ал бүгінгі студенттер – еліміздің болашақ адами капиталы, ертеңгі өзгерістердің қозғаушы күші.

- Қазақстанға инженерлер, энергетиктер, аграрлық сала мамандары, IT-мамандар және басқа да сұранысқа ие кәсіп иелері қажет. Сондықтан жоғары оқу орындары студенттердің практикалық даярлығын күшейтіп, кәсіпорындармен және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамытуы тиіс. Қазіргі кезеңде цифрлық сауаттылықтың да маңызы ерекше, – деп атап өтті ол.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар Президент Жолдауы елімізді одан әрі жаңғыруына бағытталған кешенді бағдарлама екенін атап өтті. Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіпті өркендету, энергетикалық саясатты жетілдіру және экономикалық егемендікті нығайту - Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды негіздері.

03.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы