Меңдіқара мен Ұзынкөлде қонақта
ҚИнЭУ-дің кәсіптік бағдар беру тобы Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.
Алғашқы күні университет өкілдері Ұзынкөл ауданының №1 жалпы білім беретін мектебі мен Кәмшат Дөненбаева атындағы мектептің оқушыларымен жүздесті.
Кездесуге ҚИнЭУ-дің көлік және сервис кафедрасының оқытушылары, қабылдау комиссиясының өкілдері және жастар саясаты департаментінің қызметкерлері қатысты.
Оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары таныстырылды. Оқытушылар өз кафедраларында даярланатын мамандықтар туралы айтып берсе, қабылдау комиссиясының өкілдері оқуға түсу тәртібі, қажетті құжаттар мен қабылдау талаптарын түсіндірді. Ал жастар саясаты департаментінің өкілдері студенттік өмір, университеттегі түрлі іс-шаралар мен жастарға арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы келесі күні Меңдіқара ауданында жалғасты. Бұл жолы Первомай жалпы білім беретін мектебінің, А. Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының және Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының 10–11-сынып оқушылары ортақ кездесуге жиналды.
Оқушылармен қабылдау комиссиясының өкілдері мен энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушылары кездесті. Олар университеттің білім беру бағыттары, мамандықтар, оқуға түсу талаптары мен болашақта ашылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Соңында шағын сұрақ-жауап айдарында белсенділік танытып, дұрыс жауап берген оқушыларға ҚИнЭУ-дің атынан сыйлықтар таратылды.
11.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей