Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Бүгін ҚИнЭУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыыру мәселелеріне арналған «Галстуксіз кездесу» форматында дөңгелек үстел өткізді. Іс –шараны ұйымдастырушы – «Инновационное образование» қоғамдық бірлестігі.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Батырхан Успанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Жансая Есетова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұрбек Абдибеков қатысты.
Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, оның алдын алу жолдары және азаматтардың құқықтары туралы айтып, статистикалық мәліметтер келтірді. Сондай-ақ мемлекеттік немесе уәкілетті органдар тарапынан әділетсіздікке тап болған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және әділетті қоғам құрудағы жастардың рөлі мәселелері талқыланды.
24 қараша 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей