Көлік және сервис кафедрасы

Кафедра туралы
Көлік және сервис кафедрасы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедраның ғылыми дәрежелілік көрсеткіші – 54,8%, профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жасы – 45 жас. Кафедрада 14 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 7 қауымдастырылған профессор, 3 профессор және 8 магистр жұмыс істейді. Кафедраның жұмысын М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ кеңесі үйлестіреді. Оқыту тілдері – қазақ және орыс тілдері.
Білім беру бағдарламалары
Арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізетін оқытушылардың тиісті базалық білімі, педагогикалық және практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Көлік және сервис кафедрасы университеттің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
6В08716 «Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясы»
6В07112 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
6В11318 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
6В11319 «Логистика»
Жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген лицензиялар бар.
Білім беру бағдарламаларын ашу қажеттілігі өңірдің тасымалдауды ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы және көлік техникасына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану салаларындағы білікті мамандарға, сондай-ақ көлік логистикасы мамандарына деген сұранысына байланысты туындады.
Кәсіби практика
Кафедра Қостанай облысындағы техника өндіруге, оған техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға маманданған кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатқан. Практиканың барлық түрлерін өткізу және түлектерді әрі қарай жұмысқа орналастыру үшін кафедраның ынтымақтастық туралы шарттары бар.
Көлік және сервис кафедрасы заманауи оқыту технологияларын қолдану және жақын әрі алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Мақсаттар
- Агроөнеркәсіптік кешенде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыру.
- Конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын қолдана отырып, өндірістік-технологиялық қызметке мамандар даярлау.
- Мамандарды эксперименттік-зерттеу жұмыстарына, эксперименттер, өлшеулер мен бақылаулар жүргізуге, зерттеу нәтижелері мен ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісіне, көлік және ауыл шаруашылығы машина жасау саласына және тасымалдауды ұйымдастыруға енгізуге даярлау.
- Техникалық объектілер мен технологиялық процестердің техникалық жай-күйін зерттеуге және тасымалдау процесінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін теориялық модельдерді құру дағдыларын қалыптастыру.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей













