ҚИнЭУ-ДЕ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕКІНШІ КҮНІ: СЕРІКТЕСТЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
ҚИнЭУ –дағы аккредиттеудің екінші күні экскурсиялардан басталды. Сыртқы сараптамалық комиссия мүшелері студенттеріміздің тәжірибе жинақтап жатқан негізгі тәжірибелік базаларға барды. Осы нысандардың бірі — «Қазгидромет» РММ филиалы, ол қоршаған ортаның жағдайын, сондай-ақ метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторингті мемлекеттік бақылау желісі арқылы жүзеге асырады. «Агроэкология» білім беру бағдарламасының студенттері осы жерде тәжірибе жинақтайды, нақты практикалық дағдыларға ие болады. Комиссияның екінші барған жері - «Qostanay hub». Бұл заманауи технологиялар саласында жұмыс істейтін жастарға арналған кеңістік. Мұнда біздің университетпен қандай қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатылғаны жайлы айтылды. Aitomaton» компаниясының өкілі, жасанды интеллект негізінде бизнес үшін жоғары тиімді автоматтандырылған шешімдер әзірлеуші болып табылатынын айтып, өз білімдерімен және тәжірибесімен ҚИнЭУ студенттерімен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Кейін комиссия кафедралар құжаттарын қарап, сабақтарға қатысты.
Түстен кейін олар біздің түлектеріміз жұмыс істейтін, ал студенттер тәжірибе өтетін жетекші жұмыс берушілермен кездесті.
Сыртқы сараптамалық комиссия мүшелері университеттің болашақ мамандарды даярлауда қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын айқын көрді.
{gallery}11.12.24{/gallery}
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии