Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Академиялық комитеттің отырысы: талқылаулар мен ұсыныстар

Бүгін, 2025 жылдың 24 қантарында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасында  білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша академиялық комитеттің отырысы өтті. Талқылауға төрт білім беру бағдарламасы ұсынылды: «Менеджмент», «Туризм», «Спорттағы менеджмент» және «Экономика». Отырысқа жұмыс берушілер де қатысты, олардың пікірі мамандарды дайындауда маңызды.

 

Білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысушыларды оқу жоспарларымен таныстырды. Сарапшы-жұмыс берушілер білім беру процесіне енгізілуі тиіс пәндер мен студенттерге  қажет дағдылар туралы өз ұсыныстарын айтты.

 

«KamLit» ЖШС оқу орталығының жетекшісі  болашақ мамандардың тәжірибелік дағдылардың ішінде корпоративтік пошта жүйелерімен жұмыс жасай білу керектігін  атап өтті. Сондай-ақ, бағдарламаға шетелдік қызметкерлермен (экспаттармен) тиімді жұмыс істеу үшін «Мәдениетаралық менеджмент» пәнін енгізуді ұсынды.

Тағы бір маңызды ұсыныс – «1С» бағдарламасымен жұмыс істеу дағдысын оқыту. Көптеген мамандар бұл бағдарламаны жеткілікті деңгейде меңгермеген. Осыны ескере отырып, оны «Есеп негіздері» курсына қосуды  ұсынды.

 

Сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің өңірлік дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығының спорт бөлімінің басшысы Владислав Викторович Носенко «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәнін енгізіп, бұл саланы тереңірек түсінуге мүмкіндік беру қажеттігін айтты.

 

Өңірлік дене тәрбиесі және қосымша білім беру орталығының туризм бөлімінің жетекшісі Аян Айдарұлы Абдуллин ішкі туризмді тиімді дамыту үшін қазақ тілін терең меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

 

Академиялық комитеттің отырысы жұмыс берушілердің құнды ұсыныстарын тыңдауға мүмкіндік берді. Бұл білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай және заманауи талаптарға сәйкес етіп жетілдіруге септігін тигізеді

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы