Спорт пен достық мерекесі
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің алаңы шын мәнінде спорт пен достықтың мерекесіне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы мен Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған спартакиадада түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері бас қосты. Қатысушыларды салтанатты шеру барысында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов құттықтап, спортшыларды жігерлендірді: «Бүгін тарихи сәт, себебі әр түрлі этно-мәдени бірлестіктер арасында спорттық дода басталайын деп жатыр. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Бұл біз үшін тек бастама. Алдағы уақытта бұдан да үлкен іс-шаралар өткізуге ниеттіміз!» Сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы басшының орынбасары Сакен Балтабайұлы Кокишев, «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» Қоғамдық ұйымының төрағасы Нұржан Бегайдарұлы Ермағамбетов, беларус этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Евгений Владимирович Сотников құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бүгінгі спорт алаңына алты команда жиналды. Әр команда - өз ұлтының мәдениеті мен дәстүрін, спортық қабілеттерін, сондай-ақ достығы мен татулығын паш етуге ниетті. Олардың қатарында: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» құрамасы, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің кқұрамасы - «Вайнах», әзірбайжан этномәдени бірлестігінің командасы - «Бірлік», армян этномәдени бірлестігінің құрамасы- «Миасин», башқұрт этномәдени бірлестігінің командасы - «Азатлық», өзбек этномәдени бірлестігінің құрамасы - «Ешлар». Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Бүгінгі спартакаида - жарыс емес, достықтық, татулықтың бірліктің мерекесі.
13 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии