Жүрек пен көктемнің әуені
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қабырғасында көктем шуағы мен жүрек жылуы тоғысқан ерекше атмосфера орнады. Таңғы сәттен бастап университеттің нәзік жандыларын танымал әнші Қайрат Нұртас өзі қарсы алып, әрбір аруға жылы лебізі жазылған тәтті сыйлықтар табыстады.
- Бүгін қандай әдемісіздер, мерекелеріңізбен! - деген ақжарма сөздер жан-жақтан естіліп, университет іші шаттық пен қуанышқа толды.
Мерекелік концертті ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов ашып, университеттің және колледждің барша аруларын көктемнің көркем мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Ол әйелдер қауымының университет өміріндегі, білім мен ғылымды дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.
Салтанатты кеш барысында жоғары кәсібилігі мен өңірдегі білім мен ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен университет мұрағатының меңгерушісі Бақыт Қайырбекқызы Касенова және өндірістік үй-жайларды тазартушы Амина Турарбекқызы Мырзабекова марапатталды.
Сонымен қатар ҚИнЭУ президентінің грамоталары университет қызметкерлеріне табысталды. Марапат иелері қатарында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының профессоры Раиса Алексеевна Притула, осы кафедраның аға оқытушылары Надежда Ивановна Росенко мен Гүлзия Қабжанқызы Ескатова, білім алушылардың фронт-офисінің офис-тіркеушісі басқармасының басшысы Галина Анатольевна Сокур және есепші маман Татьяна Викторовна Максимчук бар.
Мерекелік концерттің ерекше көркі - университет пен жоғары кәсіпкерлік колледж ер азаматтарының дайындаған шығармашылық тосынсыйлары болды. Олар сахнада ән айтып, түрлі қойылымдар көрсетіп, флешмоб ұйымдастырып, көрермендерді шынайы көңіл күйге бөледі. Әрбір шығармашылық нөмір залды шаттық пен күлкіге толтырды.
Университет ер азаматтары нәзік жандыларға қызғалдақ гүлдерін сыйлап, мерекені одан әрі көркейте түсті. Бұл сәт әрбір әйелдің жүрегіне жылулық сыйлады.
Осындай жарқын әрі ұмытылмас мерекені ұйымдастырушыларға үлкен алғыс! Рахмет сіздерге, құрметті ер-азаматтар!
6 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии