Экологиялық әдеттерге бастау
Бүгін ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенттері университеттің экоорталығында қонақта болып, оның қызметі және миссиясымен танысты. Экоорталықтың жетекшісі Динара Шадрина жасыл алаңның қандай аймақтарға бөлінгені және олардың ерекшеліктері туралы айтып берді. - Кеңістік zero waste қағидаттары бойынша ұйымдастырылған және сағат тіліне қарсы бағытта құрылған. Бұл - ескі тұтынушылық әдеттерге қарсы қозғалыстың символы, - деп атап өтті ол. Динара Шадринаның айтуынша, көптеген адамдар әлі де саналы тұтынуға күмәнмен қарайды. Кейбіреулер «бір бөтелкеден ештеңе болмайды» деп ойлайды. Алайда дәл осындай «бір бөтелкелерден» уақыт өте келе үлкен қоқыс полигондары пайда болады. - Біз күнделікті қолданатын көптеген заттар ерте ме, кеш пе қоқыс алаңына түседі. Сондықтан өмірімізге экологиялық әдеттерді енгізу өте маңызды, - деді Динара Бостанқызы. Экоорталық жетекшісі студенттерді полиэтилен пакеттердің орнына шоппер-сөмкелерді, ал пластик бөтелкелердің орнына көп рет қолдана алатын бөтелкелерді пайдалануға шақырды. - Егер қоқыстың аз болғанын қаласаңыздар, артық және бір рет қолданылатын заттарды сатып алмаңыздар. Қажетсіз дүниелерден бас тартып, олардың қолданылуын барынша азайту керек, - деп үндеді Динара Шадрина. Университеттің республикалық «Restart» жобасына қатысып жатқанын біліп, студенттер экоорталыққа құр қол келген жоқ. Олар өздерімен бірге қайта өңдеуге арналған қағаз алып келді. Осылайша олар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
11 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии