Эко-ағарту сабағы
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің жасыл алаңында, Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы мен Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысы аясында студенттер мен оқытушыларға арналған эко-ағарту сабағы өтті. Дәрісті Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Динара Шадрина жүргізді. Ол бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі - саналы тұтыну мәселесін көтерді. «Бұл туралы ойландыңыздар ма?» - деп қатысушыларға сауал жолдаған спикер әр адамның күнделікті әдеттері табиғатқа қалай әсер ететініне назар аудартты. Сабақ барысында Динара Шадрина Zero Waste (Қалдықсыз өмір) қағидатымен таныстырды. Бұл қағида тұрмыстық қалдықтарды барынша азайту үшін заттарды қайта қолдануды, артық нәрседен бас тартуды және саналы таңдау жасауды көздейді. Мысалы, пластик бөтелкені - көп рет қолданылатын бөтелкеге, целлофан пакеттерді шоперге ауыстыруға болады, ал тамақ жеткізу қызметіне тапсырыс бергенде бір реттік ыдыстарды қоспауын өтінуге болады. Осындай қарапайым қадамдар аз емес және олардың әрқайсысы қоршаған ортаға оң әсер етеді. Бүгінгі сабақ қатысушыларды күнделікті өмірде экосаналы әдеттерді қалыптастыруға ынталандырды.
3 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии