Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелі өтті. Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырған іс-шараға университеттің және кәсіпкерлік колледждің студенттері қатысты.

Кездесуге өңірге еңбегі сіңген, тәжірибесі мол мамандар шақырылды.
Қостанай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Роза Балагерденовна Горянная - өз ісінің майталманы, кәсіпкерлік саланың ішкі жұмысын терең білетін кәсіби маман.

Надежда Владимировна Костенюк - Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы. Бұған дейін ол облыстық мансап орталығын басқарған. Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын жетік меңгерген маман.

Айта кететін жайт, екі қонақ та - ҚИнЭУ түлектері. Бүгінде өз саласында биік жетістіктерге жеткен мамандардың студенттермен тікелей жүздесіп, өз жолын бөлісуі - жастар үшін теңдесі жоқ мотивация әрі үлгі.

Дөңгелек үстел еркін әрі қызықты форматта өтті: студенттер топқа бөлініп, өздері байқаған нақты мәселелерді талқылап, оларды шешудің жолдарын ұсынып, жобаларын қорғады. Бұл жұмыс жас кәсіпкерлерге қажет дағдыларды тәжірибе жүзінде сезінуге мүмкіндік берді.
Шара соңында спикерлер студенттердің әлеуетіне жоғары баға берді. Надежда Костенюк өз сөзінде:
«Бүгінде мемлекет тарапынан, әсіресе жастар үшін, бизнеске арналған көптеген қолдау құралдары бар. Гранттық байқауларға қатысуға болады. Ол үшін идея тауып, бизнес-жоспар жасап, комиссияға ұсыну қажет. Бұл қаражат - жақсы бастама үшін таптырмас мүмкіндік. Ал әрі қарай жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз бизнесіңізді дамытуға болады. Ең маңыздысы-сіздер өздеріңізді толғандырған мәселелерді анықтап қана қоймай, нақты шешімдер ұсына білдіңіздер», – деп атап өтті.

Бүгінгі кездесу студенттерге тек жаңа білім ғана емес, тәжірибе мен шабыт сыйлады. Өзі жүріп өткен жолын айтып, табысқа жеткен мамандарды тыңдау – жас кәсіпкерлер үшін бағасы жоқ тәжірибе.

 

5 желтоқсан 2025 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы