Экоқалташалар тікті
Бүгін ҚИнЭУ Жасыл алаңында «ReStar» жобасы аясында экоқалташалар тігуге арналған қызықты әрі пайдалы шеберлік сабағы өтті. Бұл бастама - бір реттік және тұрмыстық қалдықтарды азайтудың алғашқы қадамы.
Шеберлік сабағының негізгі мақсаты — қарапайым материалдар мен күнделікті тұрмыста кездесетін құралдарды пайдаланып, кез келген затқа екінші өмір сыйлауға болатынын көрсету.
Экоқалташалар бір реттік пакеттердің орнын басып, ұзақ уақыт пайдалануға жарайтын экологиялық балама болып табылады. Тыныс алатын мата, қарапайым үлгі және бірнеге рет қолдануға болатын өнім дайын.
Студенттер мен оқытушылар үшін осындай танымдық әрі қажетті шеберлік сабақты Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Динара Шадрина өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар өз қолымен экоқалташалар тігіп қана қоймай, экологиялық өмір салтының маңыздылығын түсінді. Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін арттырады.
5 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии