Жаңа буынның қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы өз жұмысын басталды. Биылғы апталық «Еуразиялық даму моделі: сөз мәдениеті және жаңа буынның қаржылық сауаттылығы» тақырыбына арналды. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне берілген нақты әрі мазмұнды жауап. Ашылу салтанатында кафедра меңгерушісі Дархан Серікұлы Ахметов апталықтың мақсаты мен маңыздылығын атап өтті: -Қазақстан тәуелсіздік жылдарынан бері өзіндік даму жолын қалыптастырып, Еуразиялық кеңістікте экономикалық, әлеуметтік және мәдени ықпалдастықтың белсенді қатысушысына айналды. Бұл үдерістер болашақ мамандардан тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар ойды сауатты жеткізу, тиімді қарым-қатынас орната білу және қаржылық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау сияқты маңызды құзыреттерді талап етеді. Сондықтан әдістемелік апталықтың басты мақсаты – Қазақстанның стратегиялық дамуын еуразиялық интеграция аясында кешенді түрде түсіндіру, жастардың сөйлеу мәдениетін, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын және қаржылық сауаттылығын дамыту болып табылады, - деді ол. Апта аясында қонақ дәрістері, шеберлік сабақтары, тренингтік технологиялар қолданылатын интерактивті сабақтар, практикалық тапсырмалары бар дәрістер мен танымдық викториналар жоспарланған. Алғашқы қонақ дәрісті банк саласының тәжірибелі маманы, университеттің серіктесі – «Банк ЦентрКредит» АҚ Қостанай филиалының директоры Дәурен Талғатұлы Тулебаев оқыды. Ол «Банк карталарындағы инновациялар және қаржылық транзакцияларды есепке алу» тақырыбында дәріс жүргізді.
8 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии