Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Көшбасшылық, бизнес, мүмкіндіктер

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы кәсіпкердік колледж бен университет білім алушылары жастары үшін Қостанай облысының Іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Бүл жүздесу әйел көшбасшылығын дамыту, студенттердің лидерлік қасиеттерін қалыптастыру, кәсіпкерлік құзыреттерін арттыру, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті нығайту мәселелерін талқылауға арналды.

Бүгінгі спикерлер – кәсіби тәжірибесі мол, қоғамдық қызметімен танылған, жетістіктерге толы жолы бар іскер әйелдер.

Гүлмира Амангелдіқызы Капенова - облыс әкімінің кеңесшісі, «BESTkz» білім және туризм орталығының директоры. Белсенді азаматтық ұстанымы бар кәсіпкер. «Егер сен кәсіпкер болсаң - қоғамда да белсенді болуың қажет», деген принципті берік ұстанады.

Ульяна Гуляева - қаржылық консалтинг саласындағы жас әрі табысты кәсіпкер, сертификатталған ментор, бизнес-жобаларды іске қосу маманы. Бар болғаны бір жылдың ішінде 25-тен астам жобаны іске қосып, кәсіпкерлерге несие алуға көмек берген. Оның жетекшілігімен 5 кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болып, өз бизнесін ашып, оны әрі қарай дамытты.

Фариза Сейлхан - дизайнер, fashion-қоғамдастықтың ұйымдастырушысы, Kazakhstan Fashion Week Kostanay жобасының негізін қалаушылардың бірі. Сондай-ақ ол KZ brand амбассадоры.

Тренинг интерактивті ойын форматында өтті. Студенттер бизнес ашу жолдарын, сатылым кезеңдерінің қалай құрылатынын тәжірибелік түрде меңгерді. Жастар кездесу өздеріне қандай пайда бергенін және болашақта қандай білімді пайдаланатынын бөлісті.

Кездесу соңында спикерлер студенттерге басты кеңесін айтты:
«Уақыт - сіздердің ең маңызды құралдарыңыз. Біз кезінде ақпарат іздеп кітапханаларды аралайтынбыз, ал бүгінде сіздерде мүмкіндіктер өте көп, бұл мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыздар».

 

11 желтоқсан 2025 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы