Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Абай ойлары - адамгершілік бағдар

Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы аясында
Абай Құнанбаевтың рухани мұрасы: «Толық адам» концепциясына арналған ақпараттық кездесуі өтті.

Іс-шараның лекторы - философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақытжан Хамитқызы Альшанова.

Студенттер Абайдың балалық шағы мен жастық кезеңіне оралып, оның өмірінен көптеген тың деректерді біліп, ақынның рухани әлемімен қайта қауышқандай болды. Кездесу барысында олар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына деген құрметін білдірді.

Бақытжан Хамитқызының айтуынша, Абайдың ой-толғамдары - адамгершілік бағдар, ал поэзиясы - ар-ождан үні.
- Әр дәуір Абайға қайта оралады. Себебі біз одан жауап іздейміз, өзімізді танимыз, кім болғанымызды және кім болуға ұмтылатынымызды еске аламыз, - деді ол.

Лектор өз сөзінде «Толық адам» концепциясының гуманистік мазмұнына тоқталды:
-Абай мұрасы бүгінгі күні де өзекті: ол азаматтық жауапкершілікті, адамгершілік қасиеттерді, еңбек мәдениетін және білімге құштарлықты қалыптастыруға ықпал етеді, -деп жеткізді қатысушыларға Багытжан Хамиқызы.

«Толық адам» қағидаттарын ұстану - өз-өзіңді үздіксіз жетілдіру, ісіне адал болу, адамдарды құрметтеу, білімге ұмтылу және өзін-өзі тәртіпке салу. Бұл қасиеттер адамның рухани иммунитетін қалыптастырады.

Кездесу соңында қатысушылар бір ауыздан «Толық адам» тұжырымы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасындағы басты орындардың бірін иеленетінін және кемел, адамгершілігі берік тұлғаны қалыптастыруға бағытталған әмбебап бағдар екенін атап өтті.

11 желтоқсан 2025 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы