«Мамандығым - болашағым» форсайт-сессиясы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Мамандығым - болашағым» жобасы шеңберінде Қостанай облысы бойынша кадрлық қажеттіліктің өңірлік картасын әзірлеу жөніндегі форсайт-сессия өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, эксперттік қауымдастық пен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларды видеохабарлама арқылы құттықтап, кәсіби кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және кәсіптік білім берудің практикалық бағытын күшейту мәселелерін негізгі міндеттер ретінде айқындағанын жеткізді.
Университет ректоры Арман Исмаилов өз сөзінде университет үшін жобаға қатысу тек маңызды шара емес, стратегиялық бағыт екенін атап өтті. «Біз білім беру бағдарламаларымыздың уақыт талабына сай болуына және заманауи экономикадағы міндеттерді шешуге дайын мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлеміз», - деді ол.
Жоба 2022 жылдан бері жыл бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде экономиканың 24 саласын қамтитын 9 өңірлік карта әзірленіп, 290 жаңа білім беру бағдарламасы пысықталды.
Қостанай облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ардақ Бегатаров, «Аманат» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жанар Күйшинова мен «Мамандығым - болашағым» жобасы кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов жобаның өзектілігін атап, оның өңірлік дамуды қолдау үшін маңызды екенін көрсетті.
Форсайт-сессия аясында сарапшылар ауыл шаруашылығы, машина жасау, көтерме және бөлшек сауда салалары бойынша жұмыс жасады.Костанай облысының білім беру, бизнес, индустрия және мемлекеттік басқару өкілдері бірлесіп, алдағы жылдары өңірдің дамуын айқындайтын кәсіби құзыреттерді анықтауға бағытталған терең талқылаулар өткізді.
12 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии