Жаңа жыл шуағы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жаңа жылдық концерт өтті.
Университет президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов ҚИнЭУ ұжымын келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтап, өзінің ақ тілегін білдірді.
Жаңа жылдық мерекеге орай және адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар оқытушылар мен қызметкерлерге грамоталар табыс етілді. Олардың қатарында білім алушылардың фронт-офисінің басшысы Фархад Бахтиярович Бабаханов, мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының басшысы Ай-Гүл Сералиевна Сегізбаева, әлеуметтік экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Райхана Казикановна Абдрахманова, осы кафедраның аға оқытушылары Эльмира Карымжановна Аскарова мен Надежда Ивановна Росенко, энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушылары Виктор Рудольфович Прибылов пен Олег Александрович Ростиславов, аға оқытушысы Алёна Сергеевна Горбенко, стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының аға оқытушысы Берен Кабыловна Мухамбетова, ақпараттық технологиялар мен автоматика кафедрасының оқытушысы Данил Вадимович Иванов, көлік және сервис кафедрасының аға оқытушылары Мария Федоровна Игнатенко, маркетинг және коммуникациялар бөлімінің басшысы Жалғасбек Мырзагалиевич Шокенов, оқу процессін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің маманы Евгения Евгеньевна Притула, қабылдау комиссияның жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш, халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының үйлестірушісі Аружан Женисовна Даулетназарова, өндірістік үй-жайларды тазалаушылары Жанар Мырзахметовна Житчаева, Каламкас Зоиновна Абаева, Людмила Маликовна Маденова.
Сахнаға кешегі «Үздік жаңа жылдық костюм» байқауының жеңімпаздары көтерілді.
1 орынды жаңа жылдық шырша образын сомдаған және керемет жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған оқу процессін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің маманы Жанелия Бағытжанқызы Нұранова иеленді. Оған серіктестеріміздің атынан @moon_spa_kst салонына, @bereke_home.kst -тен және «Кофе-брейк» кофеханасына сертификаттар табысталды.
2 орын иегерлері - түлкі образын сомдаған спорт-сауықтыру кешеннің директоры Татьяна Александровна Чернышова және сүйкімді қара мысықтар - стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының меңгерушісі мен аға оқытушысы Жадыра Жагипаровна Назарова және Берен Кабыловна Мухамбетова. Жеңімпаздарға @kosmetika_kost_nedorogo_ , @parfum_lux_kostanay , @vitaminchik.kostanay , @bereke_home.kst , @merey_nail_kst сертификаттары табысталды.
3 орынды Ақшақар образына енген әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Карымжановна Аскарова иеленді. Оған демеушілердің атынан @kosmetika_kost_nedorogo_ _, @vitaminchik.kostanay сертификаттары табыс етілді.
Барлық шығармашылық және белсенді қатысушыларға «Кофе-брейк» кофеханасынан сертификаттар табыс етілді.
Студенттердің орындаған әндері мен Рудный қаласынан келген қонақтардың жаңа жылдық қойылымдары барша көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Көрермендермен жаңа жылдық викторина, флешмобтар ұйымдастырылып, мерекенің шуағы университетке жайылды.
ҚИнЭУ ұжымы 2026 жылды көтеріңкі көңіл күймен, жылы естеліктермен және шынайы мерекелік рухпен қарсы алды.
25 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии