Хогвартс, Шрек және Аяз ата
Жаңа жыл қарсаңында Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен кәсіпкерлік колледжінде ерекше мерекелік атмосфера орнады. Ұжым мен студенттер шығармашылық пен қиялға ерік беріп, жаңа жылдық көңіл-күйді өз қолдарымен жасады. Бүгін университет пен колледжде «Үздік жаңа жылдық кабинет» байқауы өтті. Қазылар алқасы бөлімдер мен кафедраларды аралап, әр кабинеттегі ерекше идеялар мен жылы қабылдаулардың куәсі болды. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы және маркетинг және коммуникациялар бөлімі қонақтарды шынайы құттықтауларымен қарсы алды. Есепшілер қазылар алқасын шырша кейпінде қарсы алып, өлең оқып, қызықты ойындар ұйымдастырып, сыйлықтар тарту етті. Психологиялық қолдау қызметінде нағыз үйдегідей жылылық сезілді. Қонақтарға ыстық шай мен бауырсақтан дәм татты. Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі қонақтарды Аяз ата мен Ақшақармен қарсы алды. Мұнда шашу шашылып, квест ойыны мен заманауи ойындар ұйымдастырылды. Шын мәнінде, бәрі жоғары деңгейде өтті. Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығы кабинет безендіруге ерекше көзқараспен қарады. Бұл нағыз Хогвартс әлемі еді: есеп құжаттары сиқырлы кітаптарға айналып, түрлі магиялық атрибуттар қойылды. Қонақтарға тәтті-дәмділер ұсынылды. Жастар саясаты департаментінде де ертегіге толы атмосфера орнады. Ай бейнесіндегі айна - арнайы селфи жасау үшін әдемі-ақ! Аяз атаға арналған пошта жәшігі және барлығы қолдан жасалып безендірілген. Кәсіпкерлік колледжінің қолданбалы информатика, бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалау зертханасы белгілі бір тақырыпта безендірілді. Студенттер мен оқытушы Сергей Сергеевич Олейниктің еңбегімен Жаңа жылдық Шрек пен Фиона бейнеленіп, қолдан жасалған шам ерекше көрік берді. Көлік және сервис кафедрасының оқытушылары Лейла Асимовна Войцеховская мен Мария Федоровна Игнатенко өз саласының ерекшелігін ескере отырып, техникаға толы тұтас бір әлем ұсынды. Сыйлықтарға, ақша мен мандариндерге толы пойыздар ерекше атмосфера сыйлады. Аталған кафедраның қабылдау бөлмесінде де жаңа жылдық сән-салтанат байқалды. Мұндағы мерекелік жайлы ортаны зертханашы Ажар Нұрмағамбетова үлкен ықыласпен жасап шықты. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы да ортақ күш біріктіріп, әсем мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Балериналар, шырша, гирляндалар мен жылтырақтар - бір сөзбен айтқанда, көз сүйсінерлік көрініс. Барлық қатысушыларға шығармашылығы, еңбегі және көтеріңкі көңіл-күйі үшін алғыс айтамыз. Осындай шаралар ұжымымызды одан әрі жақындастырып, мерекелік рух сыйлайды.
27 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии