Лайықты құрмет
Ғылыми кеңес отырысында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қызметкерлері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы белсенді жұмыстары үшін марапатталды. Семестр барысында кафедра Міржақып Дулатұлының 140 -жылдығына және Қазақстан Республикасы Парламентінің 30-жылдығына орай дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, қонақ дәрістер, ақпараттық сағаттар мен эссе байқауларын ұйымдастырып, мазмұнды іс-шаралар өткізді. Алғыс хаттармен «Қазақстандағы конституциялық құқықтың дамуы: 1995–2025» тақырыбындағы ғылыми семинарды өткізгені үшін Ахметов Дархан Серікұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің 30-жылдығына арналған «30 жыл – жасампаздық, заңдылық және прогресс» атты дөңгелек үстелді дайындап, өткізгені үшін Абдрахманова Райхана Қазиханқызы, «Міржақып Дулатұлы: ұлтты оятқан сөз» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасындағы дөңгелек үстелді өткізгені үшін Альшанова Багытжан Хамитқызы, студенттерге арналған «Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің дамуы» тақырыбындағы ашық викторинаны өткізгені үшін Ескатова Гүлзия Қабжанқызы, «Мемлекеттік тіл және парламентаризм: ұлттық бірегейлікті нығайтудың 30 жылы» атты ғылыми семинарға қосқан үлесі үшін Жандарбекова Гүлмира Дауылбайқызы, бакалавриаттың 1–2 курс студенттері арасында өткен «Бақытсыз Жамал: тағдыр және таным» атты эссе байқауын ұйымдастырып, өткізгені үшін Ахметов Дархан Серікұлы және Аскарова Эльмира Карымжанқызы, заң кеңесші «Заң және тәртіп» атты білім беру-профилактикалық іс-шараны өткізгені үшін Байбулатов Талғатбек Жетпісбайұлы, «Қазақстандағы конституциялық құқықтың дамуы: 1995–2025 жж.» тақырыбындағы ғылыми семинарды өткізгені үшін Ардабаева Фарида Женісханқызы және университет жоспары аясындағы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін Казачук Карина Артуровна марапатталды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
27 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии