Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Абыроймен өткен тағылымдама

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент магистрі Сарсембаева Гүлмира Бутановна «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асыратын «Болашақ - 500 ғалым» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан оралды. Ғылыми тағылымдама 2025 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында әлемдегі ТОП-1000 университеттің қатарына кіретін Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы ФМББЖО «Қаржы университетінде» (Мәскеу қ.) өтті. Тағылымдаманың ғылыми жетекшісі - экономика ғылымдарының докторы, профессор Мария Арамовна Вахрушина. Гүлмира Бутановнаның айтуынша, ол студенттік жылдарында басқарушылық есепті дәл осы Мария Арамовнаның оқулықтары бойынша меңгерген. Кейін бұл бағыт оның ғылыми және педагогикалық қызметіндегі негізгі кәсіби қызығушылығына айналды. «Ғылыми тағылымдама басқарушылық есепті бизнес-аналитикамен ұштастыру арқылы ғылыми нәтижелерімнің деңгейін айтарлықтай толықтырып, күшейтті», – деп атап өтті ол. Гүлмира Бутановнаның басқарушылық есепке деген қызығушылығы кәсіби жолының басында қалыптасты. 2003 жылдан бастап ол аталған бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп, отандық және халықаралық ғылыми журналдарда тұрақты түрде жарияланып келеді. Тағылымдама барысында қалыптасқан көзқарастарға жаңаша тұрғыдан қарауға, әсіресе бизнес-аналитика тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік туды. «Бұл тек теория емес, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін практикалық құралдар», – деп атап көрсетті Гүлмира Бутановна. Ғылыми тағылымдама кезеңінде кәсіби байланыстар кеңейтіліп, бірлескен ғылыми жарияланымдар мен жобаларға арналған материалдар дайындалды. Бұл алынған тәжірибені тәжірибеде қолдануға жол ашады. Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – ғылыми тағылымдама барысында жинақталған үздік халықаралық тәжірибені ұлттық экономикаға енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының мақсатты индикаторларын арттыру болып табылады. Осы орайда, тағылымдама қорытындысы бойынша Гүлмира Бутановна әріптестерімен және шетелдік ғалымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына арналған басқарушылық есеп пен бизнес-аналитика жүйесін ықпалдастыруға және оларды кейінгі цифрландыруға бағытталған ғылыми жобаны әзірлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бизнес-аналитика саласында алған жаңа дағдыларын оқытылатын пәндер бойынша оқу үдерісіне енгізу жоспарлануда. -Әріптестеріме айтар кеңесім - жайлылық аймағынан шығудан қорықпаңыздар, себебі бұл жаңа даму жолына бастайды. Үш ай бойы өзге елде, отбасыңнан жырақта болу оңай болған жоқ, алайда еліміздің дамуы үшін ең үздік халықаралық тәжірибені меңгеру мақсатымен барғанымды түсіну мен үшін үлкен мотивация мен қолдау болды, – деді Гүлмира Бутановна. Гүлмира Бутановнаның халықаралық ғылыми тағылымдамалардағы тәжірибесі мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту жоспарлануда.

27 желтоқсан 2025 жылы

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы