Агрономдарды дайындауда не маңызды?
Бүгін стандарттау және тағам технологиялары кафедрасында білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша академиялық комитеттің отырысы өтті. Жиында «Агроэкология» және «Агрономия» білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, оқу процесін өндіріс талаптарына сәйкестендіру және пәндердің практикалық бағытын күшейту мәселелері талқыланды.
Отырысқа саланың негізгі стейкхолдерлері - «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС мен «Аят Агро» ЖШС өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер болашақ агроном мамандарды даярлау барысында нақты өндірістік дағдыларға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
«Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі Юрий Валерьевич Тулаев агрономдарды даярлауда негізгі пәндердің маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, өсімдіктерді қорғау пәні кемінде екі семестр бойы оқытылуы тиіс, ал егіншілік, өсімдік шаруашылығы және топырақтану пәндері әрбір агроном үшін терең әрі кең көлемде меңгерілуі қажет.
«Аят Агро» ЖШС басшысы Иван Васильевич Полторацкий өндірістік тәжірибені нақты агротехникалық кезеңдермен ұштастыру керек екенін тілге тиек етті. Ол студенттердің оқу және өндірістік тәжірибеден егіс науқаны, химиялық отау және орақ кезінде өтуін ұсынып, болашақ мамандардың барлық процесті өз көздерімен көріп, тіпті ауыл шаруашылығы техникасымен жұмыс істеп көруі қажет екенін жеткізді.
Академиялық комитеттің бұл отырысы жұмыс берушілер тарапынан құнды ұсыныстар алуға және білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.
14 қаңтар 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии