Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

IT және AI: болашақ мамандарды даярлаудың жаңа кезеңі

Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасында білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша академиялық комитеттің отырысы өтті. Отырысқа ҚИнЭУ-дің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры, кафедра оқытушылары мен студенттері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер, атап айтқанда, «KIA QAZAQSTAN» ЖШС, «Қостанай сигнализация және байланыс дистанциясы» АҚ, «Қостанайтранстелеком» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Kostanay Profit» ЖШС және «Allur» компаниясының өкілдері қатысты. Академиялық комитеттің жұмысы университет үшін де, болашақ мамандардың кәсіби даярлығына мүдделі жұмыс берушілер үшін де маңызды. Отырыс барысында кафедра жүзеге асырып отырған төрт білім беру бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар пәндер мазмұнын жетілдіру, өзектілігін арттыру, сондай-ақ қажетсіз пәндерді қайта қарау мәселелеріне тоқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасына сәйкес барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект модулі енгізілгені атап өтілді. «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің байланыс саласында, соның ішінде «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» компанияларында табысты еңбек атқарып жатқанын жеткізді. Өткен жылы ашылған «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы жаңа әрі перспективалы бағыт ретінде бағаланды. Бұл бағдарлама аясында студенттер бірінші курстан бастап Python бағдарламалау тілі, деректер қоры және блокчейн технологияларын меңгереді. Жасанды интеллектті терең меңгерген студенттер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатыны ерекше атап өтілді. «DIARKAZ» жобасы аясында әзірленген «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының алғашқы түлектері өткен жылы оқуын аяқтады. Бағдарлама өндіріс пен білімді ұштастыруға бағытталған. Студенттер оқуымен қатар кәсіпорындарда жұмыс істейді. Биыл серіктестер қатарына «Allur» компаниясымен бірге «KIA QAZAQSTAN» да қосылды. Ал «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша архитектуралық және компьютерлік жүйелер бағытын күшейту ұсынылды. Сондай-ақ студенттер де өз пікірлерін білдіріп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту форматы олардың күткен талаптарына толық сәйкес келетінін жеткізді.

28 қаңтар 2026 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы