Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Болашаққа бағытталған

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Исмаилов ҚИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжінің бітіруші түлектерімен жүздесті. Бүгінгі әңгіме болашақ, жоғары білім төңірегінде өрбіді. Ректор студенттермен ашық форматта сөйлесті. Оның айтуынша, колледжде оқылатын мамандықтар университеттің білім беру бағдарламаларымен тікелей сабақтас. - Колледждегі мамандықтар, әрине, университет бағдарламаларымен үндеседі. Оқуды аяқтаған соң бізге қысқартылған оқу формасымен түсе аласыздар. Ал ақылы бөлімді таңдаған жағдайда жеңілдіктер де қарастырылған, – деді Арман Оразалиевич. Кездесу барысында ең көп талқыланған тақырыптардың бірі - грантқа түсу мүмкіндігі. Ректор ұлттық бірыңғай тест бойынша күмәндардың негізсіз екенін жеткізді. -Көпшілігі ҰБТ-ны тапсыру қиын деп ойлайды. Әрине, дайындалу керек. Бірақ бар болғаны екі арнайы пән тапсырылады, 25 балл жинау жеткілікті. Бұған әбден мүмкіндігіңіз бар екеніне сенімдімін, - деді ол. Сонымен қатар Арман Исмаилов өңірдегі ірі кәсіпорындармен жасалған меморандум аясындағы дуальды оқыту жүйесіне ерекше тоқталды. Кәсіпорында жұмыс істеп жүріп, университетте жоғары білім алу - бұл, әрине, үлкен артықшылық. Бүгінгі кездесуге дейін кейбір жастар жоғары білім алу туралы ойланып та көрмеген болар. Алайда бұл жүздесу олар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, болашаққа басқаша көзқараспен қарауға түрткі болғаны анық.

5 ақпан 2026 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы