Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Арландай, тарландай біздің жігіттер!

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «ҚИнЭУ Сұлтаны -2026» шығармашылық-зияткерлік байқауы өтті. Биыл бақ сынаған 5 үміткер: Азизбек Умаркулов, Сергей Лукащук, Нармухаммед Умирбеков, Жәнібек Тұрсынтай, Дамир Баяносов өз кафедраларының намысын қорғап, көрермендерге нағыз жігіттің болмысын паш етті. Қатысушылар өздерін таныстырып, өмірлік ұстанымдары мен армандарымен бөлісті. Өнерге әркімнің ақ бар таласы дегендей, ән айту, өлең оқу, Stand Up және өзге де шығармашылық өнерлер арқылы таланттарын көрсетті. Зияткерлік тапсырмалар жігіттердің білімін, тапқырлығын анықтады. Қазылар алқасы құрамында университет серіктестері мен түлектері болды. «Аят Агро» ЖШС директоры Иван Васильевич Полторацкий, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Айбек Мырзагалиұлы Танатбаев, «КАИЗ» ЖШС директоры Самат Калымжанович Мукенов, қалалық «Мирас» мәдениет сарайының халық шығармашылығы мен бос уақытты дамыту бойынша әдіскер-мәдени ұйымдастырушысы Алтынай Навидуллаевна Каримова, Қостанай облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның жүргізушісі Гульмира Багитжановна Насырова, «БанкЦентрКредит» бөлімінің директоры Даурен Талгатович Тулебаев. Нәтижесінде «Зерде сұлтаны» номинациясы Сергей Лукащук, «Шығармашылық сұлтаны» номинациясы Нармухаммед Умирбеков, «Сахна жұлдызы» Дамир Баяносов, «Харизма Сұлтаны» - Жәнібек Тұрсынтай, «Шабыт Сұлтаны»номинациясы Азизбек Умаркуловқа бұйырды. «Жүрек жеңімпазы» (әлеуметтік желі көрермендерінің таңдауы) номинациясын Нармухаммед Умирбеков иеленді. «ҚИнЭУ Сұлтаны-2026» атағын Азизбек Умаркулов иеленді. Биылғы байқаудың ерекшелігі - жаңа дәстүрдің басталуы. Жеңімпазға қазақтың ұлттық шапаны табысталды. Шапан - құрмет пен абыройдың, көшбасшылықтың символы. Енді ол келесі жылдардағы жеңімпаздарға табысталатын өтпелі белгіге айналады. Барлық қатысушылар демеушілеріміз @men_style.kst, @upandup.qostanai, @richaroma.kostanay дүкендерінің ақшалай сертификаттарымен, @drive.zona, Coffee вreak сертификаттарымен, сонымен қатар әділ қазы алқасы сыйлықтарымен марапатталды. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге көмектескен белсенді студенттерге біздің тұрақты демеушіміз - донер @ugolek.kst. сертификаттарs табысталды. «ҚИнЭУ Сұлтаны» - бұл тек байқау емес, бұл - талант пен білімнің, намыс пен жігердің, шығармашылық пен даралықтың мерекесі!

13 ақпан 2026 жыл.

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы