Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Жоғары білім және ғылым трансформациясы

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті Рихсибай Мамедов Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім және ғылым: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» атты кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Алқа отырысының алғашқы күні ғылыми қауымдастық өкілдері Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында ұйымдастырылған заманауи әзірлемелер көрмесін тамашалады. Көрмеде цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, нанотехнология, металлургия, тағам өнеркәсібі және өзге де стратегиялық бағыттар бойынша ғылыми жетістіктер ұсынылды. Жұмыс кеңесінде министрлік аппаратының басшысы Мадияр Қожахметов ғылымды басқару мен дамытуда жаңа тәсілдерге көшудің маңыздылығын атап өтті. Цифрландыру үдерістерін жүйелі енгізу және жасанды интеллект технологияларын ғылыми зерттеулер мен жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау –-басым бағыттардың бірі екені айтылды. Екінші күні Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшысы Аида Балаева және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Министр 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған басым міндеттерді таныстырып, 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысын саралады. Күн тәртібінде жоғары білім мен ғылымды цифрлық трансформациялау, жасанды интеллектіні енгізу, кадр даярлау сапасын арттыру және ғылым мен өндіріс ықпалдастығын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ бұл күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы аясында ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Университеттер мен зерттеу ортасы үшін конституциялық өзгерістер бюджет саясатының басымдықтарын, басқару моделін, институттардың дербестік деңгейін және адами капиталды дамытудағы мемлекеттік жауапкершілік сипатын айқындайтын ұзақ мерзімді қағидаларды қалыптастыруды білдіреді. Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен өткен талқылау қолданбалы нәтижелерге бағытталды. Аида Ғалымқызы атап өткендей, реформалардың басты мақсаты - қоғам сұранысына жауап беретін тиімді әрі тұрақты мемлекеттік модельді қалыптастыру.

13 ақпан 2026 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы