Қонақ дәрісі
ҚИнЭУ-дің Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы студенттер үшін Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының мүшелері - «Строй Элит Дом» құрылыс компаниясының басқарушы директоры Төлепберген Мұхамедқалиұлы Қойшыбаевпен және кәсіпкер Манара Амангелдіқызы Мадининамен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Төлепберген Мұхамедқалиұлы компанияның қызметі, оның даму перспективалары туралы айтып, бүгінгі күні жас мамандарға қойылатын талаптарға тоқталды.
Оның айтуынша, кәсіби табыстың іргетасы студенттік кезеңде қаланады. Болашақ маманға қажетті негізгі қасиеттер ретінде ол аналитикалық ойлау қабілетін, жүйелілікті, тәртіп пен жауапкершілікті атап өтті.
- Бүгін өздеріңіз қалаған деңгейге ұмтылмасаңыздар, ертең үлкен жауапкершілікті арқалау қиын болады. Диплом - бұл тек бастау. Ал шынайы кәсібилік - үздіксіз еңбек пен өмірлік тәжірибенің жемісі, - деді спикер өз сөзінде.
Манара Амангелдіқызы өз сөзінде жастардың белсенді, бастамашыл және ел өміріндегі өзгерістерге бейжай қарамайтын болуы керектігін айтты.
Сондай-ақ, спикер еліміздегі конституциялық реформа тақырыбын қозғап, студенттерді белсенді азаматтық ұстаным танытып, 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға шақырды.
24 ақпан 2026 жыл

- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии