Табиғатпен қалай достасуға болады?
Бүгін Қостанай қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары ҚИнЭУ-дің Жасыл алаңының өкілдерімен кездесті. Бұл іс-шара республикалық ReStart жобасы аясында ұйымдастырылды. Бірінші және екінші сынып оқушылары Динара Шадринаны мұқият тыңдап, «Табиғатпен қалай достасуға болады?» деген сұрағына шынайы әрі анық жауап берді: - «Ластамау керек!» - «Ағаштар мен жануарларды қорғау керек!» - «Табиғатқа қамқор болу керек!» Жасына карамастан олар табиғатты қорғаудың маңыздылығын жақсы түсінеді екен. Динара Бостановаға ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің еріктілері - Иван Макогон, Данияр Казиев және Ярослав Медведев көмектесті. Олар балаларға қоқыс және оның салдары туралы қысқа бейнебаяндар көрсетіп, интерактивті ойын ұйымдастырды. Оқушылар пластик, қағаз және басқа да қалдықтарды дұрыс жинауды үйренді. Ойыннан кейін оқушылар қоқысты қалай қайта өңдеуге болатынын, әрі оны азайту үшін не істеу керектігін білді. Сабақ соңында балалар экоорталыққа пластикалық бөтелкелер, қақпақтар, батарейкалар және қағаздар сыйға тарты. Бұл маңызды қадам табиғатты қорғау әркімнен, тіпті ең кішкентай достарымыздан басталатынын көрсетті.
13 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии