ҚИнЭУ-дегі халық достастығы
Бүгін Наурызнама онкүндігінің мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Университет ғимараты ән мен күмбірлі әуендерге, жарқыраған ұлттық киімдерге және дастархандардағы хош иісті тағамдарға толып, барлығын баурады. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының өкілдері қонақтарды украиндықтардың образында қарсы алып, жылы сөздер арнап, келген әрбір адамға мерекелік көңіл сыйлады. Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы қонақтарға корей мәдениетімен және дәмімен таныстырды. Дәстүрлер жайлы әңгімелер, салаттар мен хош иісті тағамдар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көлік және сервис кафедрасы қазақ дастарханының кеңдігін және қонақжайлығын көрсетті. Дастархан бауырсақ, жент, қымыз, құрт және ұлттық тағамдарға толды. Қонақтарға Наурыз мерекесінің басты тағасы - Наурыз көжеден дәм татқызды. Дәмі тіл үйіреді екен. ️Энергетика және машина жасау кафедрасы орыс дәстүрлерінің байлығын паш етті. Ауыз суытпайтын бәліштер, самаурын мен тәттілер - мерекенің көркін аша түскендей. Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы өзбек мәдениетінің байлығын паш етті. Хош иісті палау, шығыс тәттілері мен ұлттық тағамдар қонақтарға өзбек дастарханындағы қонақжайлық пен молшылықты сездіріп, мерекеге ерекше рух берді. Сонымен қатар, көрмеге ұлттық әшекейлер, ұлттық тағамдар және экологиялық өнімдер қойылды. «Qazaq Brend» ұлттық тәттілер, Айгүл Бекболатованың қолдан жасалған ұлттық әшекейлері және «Shadi eco» брендінің экотауарлары көзге жағымды әрі көңілге жылы әсер қалдырды. Бағдарламаның бір бөлігі ретінде Наурыз мерекесіне арналған викторина өтті. Ең белсенді қатысушылар @sushi.kostanay.leader сертификаттарымен марапатталды. Бұл мереке университеттің мәдениеттер тоғысып, дәстүрлер сақталып, халықтар достығы күнделікті өмірдің бір бөлігі болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. #Nauryznama #ҰлыДалаНаурызы
16 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии