Ақыл-ой шайқасы
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті базасында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Quiz Brainstorm» зияткерлік ойыны өтті. Іс-шара стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының апталығы аясында ұйымдастырылды. Ойынға Қостанай қаласының №6 және №15 жалпы білім беретін мектептері, Бауыржан Момышұлы атындағы №5 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенттері қатысты. Бұл кезеңде қатысушылар, ең жеңіл химиялық молекула қандай және өсімдіктер фотосинтез барысында қандай газды сіңіретінін еске түсірді. Сондай-ақ әртүрлі білім салаларын қамтыған сұрақтар кезеңі өтті. Ал финалдық «Шын ба, әлде жалған ба?» бөлімінде қатысушылар тек эрудициясын ғана емес, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білу қабілетін де көрсетті. Жарыс нәтижелері бойынша 1 орын - №6 мектеп командасында, 2 орын - Бауыржан Момышұлы атындағы №5 мектеп-гимназиясында. 3 орынды №15 мектеп пен ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжі бөліп алды. Қатысушылар мен олардың ұстаздары грамоталармен марапатталды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Кездесу барысында болашақ талапкерлерге кафедраның білім беру бағдарламалары таныстырылып, олар университеттің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
16 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии