Заман өзгерсе - заң да өзгереді
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттеріне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидат Әлібек Нұрмағамбетұлы Табулденов дәріс оқыды. Ол еліміздің негізгі заңының қалай қабылданғаны және мемлекеттік биліктің жаңа архитектурасы туралы баяндады. -Тарихқа көз жүгіртсек, еліміздің құқықтық негіздері тереңде жатыр. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы» мен Тәуке хан «Жеті жарғысы» өз заманында қоғам өмірін реттеп отырды. Жаңа Ата заң – сол тарихи дәстүрдің жалғасы, - деп атап өтті спикер өз сөзінде. Жаңартылған Конституцияның мазмұны адамға бағдарланған сипатқа ие. Ол қазіргі қоғамдық құндылықтарды және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қағидаттарды қамтиды. Құжаттың басты ерекшелігі - адам құқықтарына басымдық берілуі. - Оқытушы әрі азамат ретінде мен үшін ең маңызды мәселе - жаңа Конституция аясында білім мен ғылымның дамуы, - деп атап өтті спикер. - Олар тұрақты дамуды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт ретінде бекітілген. Сондай-ақ, Әлібек Нұрмағамбетұлы бұл өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
21 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии