Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ бір қадам алда

Бүгін ҚИнЭУ студенттері бір ай бойы жұмыс істеген бизнес-жобаларын қорғады. Осы уақыт аралығында олар ҚР «Атамекен» ҰКП төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболевтің жетекшілігімен бизнес-жоспарлау, қаржылық модель, шешендік шеберлік және презентация дағдыларын меңгерді. Қатысушылар арасында болашақ экономистердің болмағанын қарамастан, жобаға техникалық, IT және аграрлық мамандық студенттері белсенді түрде қатысып, командада тапсырмаларды сәтті орындады. Ұйымдастырушы - Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сералиевна Сегізбаева атап өткендей, жоба бір реттік шара деңгейінен асып түскен: -Бұл жай ғана дәріс немесе тренинг емес. Біз Александр Анатольевичпен бірге оны әрі қарай дамытып, толыққанды оқу бағдарламасын іске асыруды жөн көрдік. Қостанай облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында қазіргі уақытта жастарды кәсіпкерлікке оқытуға арналған «Тәлімгерлік мектебі» іске қосылуда. Алайда университет бұл бағытта бір қадам алда болып, осындай форматты алғашқылардың бірі болып енгізді. - Студенттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығын көріп, біз форматты өзгертіп, кешенді білім беру моделінінің 4 модулін жасадық, - деді Александр Анатольевич. Нәтижесінде бүгін студенттер үш толыққанды бизнес-жоба ұсынды: «ТопЛог» аутсорсингтік логистикалық компания, Мысықтар кафесі және спорт-бар. Барлық жобалар талдау мен тәуекелдерді есептеумен толықтырылған. Бүгін Мария Саликова, Андрей Дзипетрук, Алексей және Денис Петровтар, Камиль Кужахметов, Ксения Сидоренко, Дмитрий Степаненко, Дидар Жанадилов, Артём Камф және Данил Постников бизнес-жоспарлау, қаржылық модельдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша сертификаттармен марапатталды. -Осы төрт апта ішінде студенттер құнды практикалық тәжірибе алды. Бұның барлығы болашақ өмірде міндетті түрде қажет болады, - деді ҚИнЭУ академиялық даму жөніндегі проректоры Жұлдыз Орынтаевна Ошақбаева. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл курс келесі оқу жылында да жалғасын табады.

21 сәуір 2026 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы