Экология - күнделікті өмірде
Бүгін Жер күніне арналған экологиялық апталық аясыгда ҚИнЭУ экоорталығында экология тақырыбы тек теорияда емес, күнделікті өмірмен байланысты түрде қарастырылды. «Күнделікті өмірдегі экология» атты сабақта студенттер жай тыңдаушы болып қана қойған жоқ, олар әртүрлі рөлдерді орындап көрді: тұтынушы, қалдықтарды сұрыптаушы, талдаушы және эколог ретінде тәжірибе жасады. Ойын элементтері арқылы күнделікті әрекеттеріміздің қоқыс полигондарына түсетін қалдық көлеміне тікелей әсер ететіні көрсетілді. Ең маңыздысы - шешімдер алдын ала берілмей, студенттердің өзара талқылауы барысында қалыптасты. Олар қарапайым, бірақ маңызды тұжырымдарға келді: бір реттік заттардың орнына көп реттік өнімдерді қолдану, кейбір әдеттерден бас тарту немесе оларды аздап өзгерту арқылы да экологияға әсер етуге болатынын түсінді. Мұндай форматтағы сабақтар біржақты дәрістерге қарағанда тиімдірек, өйткені олар түсінікті тереңдетіп, адамның өз әрекеті арқылы өзгеріс жасай алатынына көз жеткізеді. Бұл - ең маңыздысы.
21 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии